Былтыр облыста 18 мыңнан астам бала дүниеге келген
Балалы үй - базар. Қазір бұл - жас отбасылардың басты ұстанымына айналып отыр. Мұны облыстағы былтырғы «бэби-бумнан» анық аңғаруға болады. Облыстың бас акушер-гинекологы Әлия Шаңғараеваның айтуынша, өткен жылы өңірде 18963 шарана өмірге келген. Оның жүзі егіздер болса, бір ана дүниеге үшем алып келді. Ал бүгінде 9 мың жүкті келіншек тіркеуде тұр. Жаңа жылдан бастап елде зейнетақы 9 пайызға артса, әлеуметтік жәрдемақы 7 пайызға көтерілді. «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жаңа жылдан бастап АЕК мөлшерінің көбеюіне байланысты 2014 жылғы 1-қаңтардан бала күтіміне берілетін ай сайынғы жәрдемақылардың мөлшері де өсті.
Бала туылғанда берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері төртінші балаға дейін 55560 теңге, төртінші баладан жоғары 92600 теңге, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне ай сайын төленетін жәрдемақы мөлшері бірінші балаға - 10186 теңге, екінші балаға - 12038 теңге,үшінші балаға - 13890 теңге және төртінші балаға -15742 теңгені құрайтын болады.
|
Количество показов: 1910
Дата создания: 09.01.2014 19:09:13