Борышкерлерге қарсы акция өтті
"Борышкер" акциясы бүгін қала көшелерінде күні бойы өткізілді. Жыл бойы әкімшілік құқық бұзғандарға 560 миллион теңгеден астам айыппұл салған. Оның 64 пайызы өндірілді. Баласына алимент төлеуден жалтарып жүргендер де тоқтатылды. Ал мына джиптің иесі бірнеше жыл бойы мемлекетке көлік салығын өтемеген. Жиналған қаражат 140 мың теңгеден асады. Қаражатты өз еркімен өтегісі келмеген көлік иесінің темір тұлпары айып тұрағына жөнелтілді.Өз еркімен қарызын төлемегендерді құқық қорғау органы қызметкерлері осылай көшеден аулады. "Автоқұйын" көлігі әп сәтте бережағыңызды тайға таңба басқандай анықтап береді. Ол үшін көлік нөмірі немесе жүргізушінің жеке куәлігі жеткілікті. Көлік иелері арасында сақтандыру құжатының мерзімін өткізіп алып, айыппұл арқалағандары да бар. Бұл акция бүгін аяқталады. Бірақ сот орындаушылары әкімшілік айыппұл төлемегендерге хабарлама жіберуді жалғастырады.
Количество показов: 611
Дата создания: 29.11.2022 22:02:58