Боранға байланысты автобустардың жолға шығуына тыйым салынды
Бұзылған күн райы қала, ауданаралық автобустардың қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізді. Бүгін Орск қаласына жол жүруі тиіс жолаушылар билеттерін тапсырып, сапарларын кейінге қалдыруға мәжбүр болды.Орскке қатынайтын 3 автобус бүгін сапарға шықпай қалды. Сәйкесінше, ол жақтан да көлік қозғалысына шектеу қойылған. Боранға қарамастан, жолаушыға толы бір автобус таңертең Қостанайға жол тартқан. Орынбор мен Самара қалаларына қатынайтын автобустар да кестеден ауытқымай жұмыс жасап тұр. «Экспресс» автовокзалының маңында жолаушы табылса, Оралға жүргелі тұрған таксилер көп. Мәртөк ауданына апаратын жол да бүгін таңертең ашық болды. Жолаушылар ол жаққа таксимен кетіп жатыр.Такси жүргізушілерінің айтуларынша, Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізі салынғалы Мәртөк ауданына қатынау қиын емес.Түстен кейін төтенше жағдайлар департаменті мамандары ақ түтек боранға байланысты «Ақтөбе-Атырау» тас жолы жабылғандығын хабарлады. Сондықтан осы тас жол бойында орналасқан Алға, Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандарына қатынайтын автобустардың қаладан шығуына тыйым салынды. Ал, «Сапар» автовокзалының диспетчерлері ешқандай рейстердің тоқтатылмағандығын айтты. |
Количество показов: 2038
Дата создания: 15.01.2014 19:06:13