Болашақ дәрігерлер тәжірибелерін шыңдады
Босану үстелі үстінде 25 жастағы жүкті келіншектің робот сұлбасы жатыр. Компьютердің көмегімен басқарылатын қуыршақ былтыр АҚШ-тан 16 миллион теңгеге сатып алынған. Компьютерге енгізілген арнайы бағдарламаға сай робот адамға тән бірнеше әрекеттерді атқара алады. Тіпті қуыршақ өздігінен тыныстайды.Болашақ акушер-гинекологтарға арналған жаттығу екі сағатқа созылды. Осы уақыт аралығында студенттер қалыпты босану үстіндегі ананың қан қысымын өлшеу, шарананың кіндігін кесу секілді медициналық іс-қимылдарды жүргізді. Ноэлль есімді робот әйелдің ағзасы шындыққа мейлінше жақындатылған. Заманауи үлгідегі жетілдірілген сұлбалардың бірегейі көрінеді. Оған студенттер түрлі клиникалық оталар жасай алады. Ал студенттермен жасалған ота бейнекамераға жазылады. Кейін бейнетүсірілімді қарап шығып, ота жасау кезінде жіберілген қателерді тауып, түзеуге мүмкіндік бар. Университет жанынан 2008 жылы ашылған оқыту- клиникалық орталығында осындай 4 робот қуыршақ бар. Бір ер адамның сұлбасы және екі егіз нәресте қуыршақтар медицина университеті студенттерінің тәжірибе шыңдап, біліктіліктерін шыңдауына таптырмас құралдар. |
Количество показов: 1738
Дата создания: 16.01.2014 19:45:25