Болашақ аспаздар мен кондитерлер емтихан тапсырды
Бірнеше жыл бойы жұмыссыз отырған ауыл тұрғындарының жолы болды. "Жұмыспен қамту -2020" бағдарламасына биыл тек қалалықтар ғана емес, шалғай ауданда тұратындар да ілікті. Бүгін ¹3 кәсіптік лицейде білім алған түлектер алғашқы емтихандарын тапсырды. Қайта даярлау курстарынан өткен түлектердің жасы қырықтың ар жақ, бер жағы. Басым көпшілігі бала күтімімен, уй шаруасымен ұзақ жыл жұмыссыз отырып қалғандар. Ал бірқатары заман талабына сай мамандығын өзгертуді қалағандар. Осы жолы ¹3 кәсіптік лицейден "Жұмыспен қамту -2020" бағдарламасы бойынша 87 адам білім алды. Оның басым бөлігі шалғай аудандардан. Бүгін емтихан тапсырған болашақ аспаз, кондитерлер өз туындыларын комиссия мүшелерінің назарына ұсынып, қорғап шықты. Өмірде батыл қадам жасап, сұранысқа ие кәсіпті игеруге талаптанғандарға "Жұмыспен қамту -2020" бағдарламасы бойынша жеңілдіктер жасалды. Әрқайсысына 12 мың 200 теңге шәкіртақы төленді. Биыл бағдарламаға облыс бюджетінен 8 млн теңге қаражат бөлінген. Ал түлектер жұмыссыз қалмайды. Олардың айтуынша, қаладағы супермаркеттерде тәжірибеден өтіп, жұмыс берушінің көңілінен шыққандар бар. |
Количество показов: 4174
Дата создания: 23.07.2012 18:54:02