Бокспен айналысатын 11 аудандық балалар спорт мектебі бокс жабдықтарын алды
Елімізде соңғы жылдары спорттың қай саласы да қарқынды дамып келеді. Ал республикалық, тіпті халықаралық додалардан жеңіспен оралып, еліміздің абыройын асқақтатып жүр. Бұқаралық спорт өз алдына бөлек әңгіме. Ендігі мақсат-балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, жас спортшыларға үнемі қолдау көрсету. Өңірімізде материалдық қолдауға зәру спорттық мектептер бар. Осы ретте спортшыларды дайындық залы мен арнайы құралдармен қамтамасыз ету де маңызды. Бүгін әуесқой бокспен айналысатын 11 аудандық балалар спорт мектебі бокс жабдықтарын алды. Жалпы құны 6 млн. теңгенің инвентарін Қазақстан бокс федерациясы облыстық филиалының президенті Владимир Гринберг табыстады. Ол сондай-ақ, әр ауылдан үлкен чемпион шығатынына сенім білдірді. Спорттық жабдықтар алған спорт мектептерінің қатарында Ойыл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы да бар. Қазір бұл ауданда 40-тан астам бала бокспен айналысады. Арасында чемпиондары да бар. Оқушылардың саны аз болса да, сапасы қуантарлықтай, балғындар жыл сайын өңіріміздің намысын республика көлемінде қорғап жүр. Айта кету керек, федерация қайырымдылық акцияларын кезекпен әр ауданда жиі ұйымдастырып келеді. Ал биыл мұндай тартудан еш аудан тыс қалған жоқ. Дәстүрлі шара алдағы уақытта да жалғасын тапақ. Бокс Федерациясы жас спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетіп, материалдық көмек беруге әркез дайын.Количество показов: 904
Дата создания: 11.07.2023 07:41:06