Благодар селолық округіне жаңа мектеп пен мәдениет үйі қажет
Благодар селолық округі қала маңындағы ірі округтердің бірі. Селолық округтің құрамына 12 мың 608 адам тұратын 11 елді мекен кіреді. Бүгінде округтегі Кеңес Нокин, Қызылжар, Украинка, Ақшат секілді елді мекендерінде жеке тұрғын үй массивтері салынып жатыр. Өткен жылы Шилісай селосында газ құбырының құрылысы аяқталған. Сондай-ақ Украинка мен Қызылжар ауылдарына электр желілері тартылды. Округте шешімін таппаған мәселелер де жоқ емес. Мәселен Благодар ауылына жаңа мәдениет үйі қажет. Қазіргісінің тозығы жетіп тұр. Ауылдағы орта мектептің де ғимараты ескі. Онда оқитын балалар саны 500-ден асады. Оқушылар 3 ауысымда білім алып жатыр. Жиын барысында тұрғындар Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаровтан жаңа мектеп сұрады. Округтегі кейбір елді мекендерге биыл су, кәріз құбырларын, электр желілерін тарту мақсатында жобалық-сметалық құжаттар дайындалыпты. Ал, Кеңес Нокин ауылында қызанақ өсіретін жылыжай кешені құрылысы биыл екінші жарты жылдықта пайдалануға беріледі.Благодар селолық округінде тұрғындар жеке кәсіппен айналысады. Округте 52 шағын және орта бизнес түрлері бар. Онда 136 адам жұмыс жасайды. Сондай-ақ округте 57 жеке кәсіпкерлік пен 42 шаруашылық ұйымдары тіркелген. |
Количество показов: 2074
Дата создания: 20.01.2014 19:19:00