"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасына қатысушы ақтөбелік кәсіпкерлер саны артты
Ақтөбе- кәсіпкерлердің қаласы. Өңірде "бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасына қатысушы кәсіпкерлердің саны артқан. Қазір мемлекеттік қолдау бағдарламаларының мүмкіндіктерін пайдалану қарқыны бойынша облыс Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларын басып озған. Облыста өнім шығару көлемі 12 %-ға артып, 950 млрд теңгені құрап отыр. Былтыр 4 мыңнан аса шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетілген. Яғни мемлекеттік бағдарлама игілігін көрген кәсіпкерлер саны үш есеге өсіп отыр. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратовтың ақпаратына сәйкес, 2021 жылы алғаш рет кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 5 млн теңгеге кепілсіз микрокредит беру белсенді іске асырылған. Нәтижесінде облыста шағын- орта бизнес субъектілерінің саны 75 мыңнан асып отыр.«Бизнестің жол картасы- 2025» бағдарламасы аясында 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Соңғы екі жылда карантиндік шаралар кезінде 35 мыңға жуық жұмыс орны сақталған. Шағын және орта бизнес субъектілеріне әсіресе карантин кезеңінде көмек көрсету бойынша жұмыстар осы жылы да жалғасатын болады.
Облыс бойынша түрлі өнімдер шығаратын 300-ге жуық шағын кәсіпорын жұмыс істейді. Тауар өндірушілердің дені азық-түлік өнімдерін шығарады. Құрылыс материалдарын шығару жолға қойылып келеді.
Количество показов: 566
Дата создания: 09.02.2022 20:26:18
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>