Бизнес жобаларды жүзеге асыру үшін "Еңбек" бағдарламасымен қайтарымсыз грант беріледі
Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында жыл басынан 3 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде 413 адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, "Жол картасы" бағдарламасы шеңберінде 6 жобаға 169 адам жұмысқа бағытталды. Оның 92-сі Тігін шеберханасы, кондитерлік өнімдер өндірісі, мал шаруашылығы, сән салоны, фотостудия, наубайхана, құс шаруашылығы сынды бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін азаматтар қайтарымсыз гранттар алды. Ал ағымдағы жылы қала бойынша 16 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Қазір жоспар 76 пайызға орындалды. Жұмысқа орналасқандардың 55 пайызы әйел, 44,6 пайызы ер адамдар. Қысқа мерзімді оқуды аяқтаған 103 адамның ішінен 78 -і жұмысқа орналастырылды және 6 адам мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ие болды. Ал "Бастау бизнес" жобасы бойынша 399 адам кәсіпкерлік негізінде оқуға жіберіліп, оның 377-сі оқуын аяқтап, 4-еуі шағын несие алған. 185 адам қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде 346 мемлекеттік грант беру жоспарланған. Қазіргі таңда, 296 адам грантты алды.
Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында жыл басынан 3 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде 413 адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, "Жол картасы" бағдарламасы шеңберінде 6 жобаға 169 адам жұмысқа бағытталды. Оның 92-сі жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен барған.
Айта кетейік, елде жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 1 миллионнан астам қазақстандық қамтылды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биылғы 9 айда 377 мың адам жұмыспен қамтылды және оның 70 пайызы - тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар барлығы 65 мың адам оқумен қамтамасыз етілді. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 29 мың адам микрокредиттер мен кайтарымсыз грантқа ие болып, оның 25 мыңнан астамы алғаш рет өз ісін ашты және қосымша 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құрған.

Количество показов: 553
Дата создания: 26.10.2021 19:46:13