Биылдыққа тұрғын үйдегі өрттен алты ақтөбелік қаза болды
Бір мезетте төрт адамның өмірін қиған өрт оқиғасы Хромтау ауданы Целинная көшесіндегі жер үйлердің бірінде болған. Үй иесі ауласындағы жазғы үйін екі адамға жалға берген. Түн жарымында осы сарай өртеніп, жалын жапсарлас салынған гаражға ауысады. Гараж ішіндегі жеңіл көлік газбен жүретін болғандықтан бірден атылып кетеді. Салдарынан қызыл жалын 120 шаршы метрге жайылады. Термикалық күйік алған төрт адам аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілгенмен, оларды құтқару мүмкін болмайды.Жыл басынан бері облыста осындай тұрғынжайларда 414 өрт оқиғасы тіркелді. Қызыл жалыннан алты ақтөбелік қаза болып, 8 адам дене жарақаттарын алған. Өрттердің шығуына тұрғындардың өздерінің қауіпсіздік ережелерін сақтамайтыны себеп болып отыр. Өкініштісі өрттен кішкентай балалар да зардап шеккен. Жылыту маусымы басталуына байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қала маңындағы саяжайлар мен бау-бақша ұжымдарын аралап, тұрғындарға ескерту, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жүздеген үйге дабыл қондырғылары орнатылып, 28 жер үйдің мұржасы жөнделген.
Количество показов: 786
Дата создания: 14.10.2022 19:45:43