Соңғы жылдары елде жетім балаларды қамқорлыққа алу жақсы қарқын алып келеді. Осыдан екі жыл бұрын балаларды асырап алу бойынша 1069 қызмет көрсетілген болса, былтыр қазақстандықтар жетім не ата-ана қамқорлығынсыз қалған 1600 баланы бауырына басқан. Бала асырап аламын деушілер халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуі қажет. Биылдыққа жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 402 бала мен жасөспірім жаңа отбасын тапқан. Біздің облыста мұндай 20 қызмет көрсетілді. Баладан ата-анасы бас тартып жатады. Ішкілікке салынып, тәрбиемен мүлдем айналыспағандықтан үлкендер ата-аналық құқынан айрылады. Ата-анасы қайтыс болып, балалар жетім қалып жатады. Мұндай балаларды көбіне туысқандары бағуға алады.
Алдымен бала асырап алуға өтініш жазылуы тиіс. Болашақ қамқоршының жеке басын куәландыратын құжат, жұбайының нотариалды расталған келісімі, денсаулық жағдайлары туралы анықтамалар, табыс туралы анықтама, баспана туралы құжат, бала 10 жасқа толған болса, оның келісімі халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырылуы қажет.
Количество показов: 1079
Дата создания: 03.06.2019 19:15:49
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>