Биыл өңірде 35 000 жарым адам жұмыспен қамтылған
Өңірде жұмыссыздықпен күрес қарқынды жүруде. Бос орындар жәрмеңкелері, мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі жобалар бар,-дейді облыстық еңбек мобильдігі орталығының мамандары. Ведомоствоның мәліметінше, биыл өңірде 35 мың жарым адам жұмыспен қамтылған. Оның 14 мыңы тұрақты жұмысқа тұрған. Ақтөбеліктер бос орындар мен қандай да бір вакансиялар жайлы мәліметті еңбек.kz порталынан ала алады. Қазір жұмыс іздеп сабылып, талай жұмыс берушілердің табалдырыған тоздырып жүрген жұмыссыз азаматтарды көп көреміз. Төрт жыл бойы оқып, оқыған мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүрген жандардың да саны күн санап артуда. Облыстық еңбек мобильдігі орталығының мамандары жұмыссыздар мамандықтан гөрі айлыққа қарайтындығын айтады. Жалақысы төмен қызметке орналасқысы келмейтіндер көп. Себебі түсінікті, отбасын асырау керек, несие бар. Жұмыссыздар көп. Әйтсе де ниет болса екі қолға бір күрек табылады,-дейді мамандар. Өйткені, мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар мен жобалар бар. Солардың бірі-" Алғашқы жұмыс орны" жобасы. Тәжірибесі жоқ жастарға арналған. Мұнда айлық алып қана қоймай, тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндік бар. Сонымен қатар, цифрлық жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адам, жұмыссыз ретінде тіркелуге, жұмысынан айырылған бойынша төлем алуға, субсидияланатын жұмыс орнындарына жолдама алуға мүмкіндіктер ұсынады. Ақтөбеліктер бос орындар мен қандай да бір вакансиялар жайлы мәліметті еңбек.kz порталынан ала алады. Бүгінгі таңда Еңбек.kz порталына 1325 бос жұмыс орны туралы мәлімет енгізілген.Количество показов: 410
Дата создания: 15.09.2023 11:34:50