Биыл облыста 452 өрт тіркелді.
Жалпы орын алатын өрттің 50%-дан астамы жеке тұрғын үй секторынан шығады екен. Сондықтан тұрғындарға өрт қауіпсіздігін түсіндіру өте маңызды. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары әсіресе саяжай тұрғындарын сақ болуға шақырады. Жеке тұрғын үйлердің көбісі қыстық жылыту маусымына салғырт қарайды. Атап айтқанда, мұржалар мен пештерді тазартпайтындар бар. Электр сымдары қоршалмай, ашық жатқаны да анықталады. Жатақханалар мен жеке сектордағы үйлердің арасындағы арақашықтық сақтамаған. Мысалы, бір метр мен жарты метр аралықта жақын салынған үйлер де бар. Бұл үйлерде өрт қаупі туындаған жағдайда жанында орналасқан үйлерге төнетін қауіп жоғары. Сонымен қатар, жеке сектордағы үйлердің көбісі жанғыш заттардан салынған. Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге болады. Әйтсе де, тәуекелге бармай, бірден 101 ге хабарсқан жөн,-дейді мамандар. Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз.Егер өрт көп қабатты ғимараттың төменгі қабатында шықса, ғимараттың жоғарғы қабатына немесе төбесіне шығып, көмек күту керек. Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимараттан кеткен жөн. Адам өмірі ғана маңызды. Эвакуация жасауға да қақпаларды ашып, жолдағы кедергілерді алып тастап, өрт сөндіру көлігі кедергісіз өтетіндей жағдай жасап қойған абзал.
Количество показов: 375
Дата создания: 03.11.2023 01:36:06