Биыл облыс жолдарын жөндеуге 95,3 миллиард теңге бөлінді
Биыл өңірімізде жол құрылысы бойынша 192 жоба іске асырылуы тиіс. 10-ы республикалық маңызға ие жолдар. Бұл жобалардың жалпы құны 95,3 млрд теңгені құрайды. Ақтөбеде жол құрылысы бойынша брифинг өтті. Сала мамандары алдағы жоспарларымен бөлісті.Ақтөбеде биыл да облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу, салу жұмыстары жалғасып жатыр. Осы жылы жалпы ұзындығы 1038 шақырым болатын автомобиль жолдары қалпына келтірілуі тиіс. "Ауыл- ел бесігі" жобасының мүмкіндіктері де қолданылмақ. 192 жоба бойынша жұмыстар басталып кетті, дейді мамандар. Брифинг барысында битум тапшылығы мәселесі айтылды. Қазір қоймада 16,3 мың тонна битум бар. Бұл жеткіліксіз. Сондықтан, маусым айында тағы да 10,4 мың тонна битум сатып алынбақ. Бірнеше компаниямен келісімшарт жүргізілді. Жергілікті маңызға ие жолдар мен қала ішіндегі жолдарды жөндеу үшін 3 млн тонна қиыршық тас қажет. Әзір оның 1,6 млн тоннасы ғана бар. Құм-қиыршықтас қоспасына қажеттілік 910,6 мың тонна. Жол құрылыс жұмыстарына қажетті құрылыс материалдарының 50 пайызы дайын. Биыл бұл жұмыстарға бөлінген қаражат та қомақты. 95,3 млрд теңге. Ендігі мақсат қаржыны толықтай игеріп, жұмысты дер кезінде аяқтау.
Количество показов: 730
Дата создания: 01.06.2023 03:46:02