Биыл аймақта 722,3 мың гектар алқапқа дән себіледі
Облыс көлемінде көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуге 1,5 мың трактор, 103 егіс кешенін, 1,5 мың тұқым сепкіш, 1 400 жер өндейтін техникалар жұмылдыру жоспарлануда. Көктемгі жұмыстарға ауылшаруашылығы техникаларының дайындығы 96% құрайды. Сонымен қатар, үкімет тарапынан көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 9,6 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Шаруашылықтарға дизель отынын жіберу бағасы 1 литріне 184 теңге. Бұл нарықтағы бағадан 69 теңгеге немесе 27%-ға арзан. Бөлінген дизель отыны көлемі көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуді толықтай қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі далалық жұмыстарын жүргізу үшін 1,2 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие беру көзделген. Дегенмен, ауыл шаруашылығы субъектілерінен келген өтінімдер 2,6 миллиард теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на 22 жоба келіп түсті. Оның 14-і мақұлданып, іске асуда.
Жыл сайын облыстың агроөнеркәсіптік кешенін қаржыландыру көлемі ұлғая түсуде. Мысалы, 2021- жылы "ҚазАгроҚаржы" агроөнеркәсіптік кешеннің 315 субъектісіне 8 миллиард теңге бөлінді. Еске салайық, 2020 -жылы қаржыландыру көлемі 205 субъектіге 5 миллиард 683 миллион тенгені кұраған болатын.
Ал ағымдағы жылы мемлекеттен агроөнеркәсіптік кешенінің Ақтөбе облысы филиалына 500 миллион теңге көлемінде каражат бөлінді. Оның 455 миллионы көктемгі науқан жұмыстарына тиесілі. Аталған сомаға 25 субъектіге 32 бірлік техника, 20 трактор және 12 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынды.
Количество показов: 689
Дата создания: 16.03.2022 19:18:31