Биыл қалада 12 жағажай жұмыс жасап тұр
Биылғы маусымда қала бойынша екі жағажай ғана тегін. Қосымша ақылы 10 нысан бар. Крпіш зауыты, Тұрғындар қалашығы аудандарында қауіпті аумақтар бар. Ақтөбеліктер біле тұра, сол жерлерде шомылуын тоқтатар емес. Кірпішті ауданындағы көпір асты, Қарғалыдағы көпір астында суға шомылуға болмайды. Бұл маңдарда сүңгуірлер рейдке шығып тұрады. Ескерту белгілерінің жартысы орнатылған. Қаладағы барлық жағажайлар қыркүйек айының соңына дейін жұмыс жасайды. Суға шомылу маусымы басталғалы Електің бойында 1 адам құтқарылған. Ал 6 адамның ажалы судан болды.
Количество показов: 1038
Дата создания: 17.07.2019 18:36:06