Биыл 161 нысанға аудиторлық тексеріс жүргізілген.
Облыс бойынша жыл басынан бері 161 аудиторлық іс - шара өтті. Оның 156 - ы жергілікті бюджеттен қаржыландырылған болса, 5 - і республикалық бюджеттен қаржыландырылған мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде өткен шаралар. Нәтижесінде 2467.5 млн теңге қаржылық бұзушылықтар мен жалпы сомасы 19347,0 млн теңгені құрайтын рәсімдік бұзушылықтар анықталды. Қазіргі таңда тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша олқылықтар қайта қалпына келтірілді.Сонымен қатар, арнайы тексеріс барысында департамент тарапынан 79 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 135 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 2 қызметкер жұмыс орындарынан босатылды.Количество показов: 592
Дата создания: 28.10.2023 01:03:16