"Бетбұрыс"-аналарды қолдауға арналған жоба!
Ақтөбеде "Бетбұрыс" жобасы қорытындыланды. Жоба көпбалалы және жалғызбасты, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналардың, аз қамтылған отбасылардан шыққан әйелдердің психологиялық кедергілерді еңсеріп, өз ісін бастауға қолдау көрсетуге бағытталған. Жобаның үшінші кезеңі бойынша 21 ана курсты аяқтап, белгілі бір кәсіп түрлеріне бейімделіп, сертификаттарға ие болды."Бетбұрыс" жобасының игілігін көргендердің бірі Гүлнұр Сейсенова. Үш баланың анасы Қурайлы ауылынының тұрғыны. Тәтті бәліштер, тоқаштар мен пицца пісіруден ауылда Гүлнұрға тең келетін жан жоқ. Сұраныс бар. Пайда да бар. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ана енді "Бастау" бағдарламасына қатысып, бизнесін кеңейтпек. Қурайлы ауылында наубайхана ашуды жоспарлап отыр."Бетбұрыс" жобасы көпбалалы және жалғызбасты, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналардың, аз қамтылған отбасылардан шыққан әйелдердің психологиялық кедергілерді еңсеріп, өз ісін бастауға қолдау көрсетуге бағытталған. Мұқтаж аналарды оқытып, кәсіп ашуға көмектеседі. Әлеуметтік жоба аясында әйелдер тігін, аспаздық, бухгалтер мен салық операцияларын жүогізу машықтарын меңгерді. Бұл жобаның үшінші кезеңі.
Комиссия өтінім біерген 70 әйелдің ішінен 21 ін іріктеп алып, оқытты.
Курстан өткен 21 ананың 18-і өз кәсібін ашып, бүгінде ісін сәтті ұйымдастырып отыр. "
Количество показов: 490
Дата создания: 14.09.2023 03:04:54