Оңтүстік- Батыс-1 ауданындағы Бәйішев көшесінде көпқабатты үй суға кеткелі тұр. Бес қабатты элиталы үйдің ауласы күн жылына қар суына толған. Көлік тұрағын су алып кеткендіктен тұрғындар көліктерін қоқыс алаңы маңында қалдыруға мәжбүр. Қымбат пәтерлердің иелері мәселелерін айтып, құзырлы органдарға хабарласқан. Көктемгі тасқынға қарсы құрылған штабтан да көмек сұраған. Бес қабатты бұл баспана 2017 жылы тұрғызылған. Аумағы қоршалған элиталы үйге тұрғындар толық қоныстанып болған. Аула таза, асфальтталған. Төрт жылдан бері аулаға қар суы жиналып көрмепті. Олар бұл проблемамен биыл бірінші рет ұшырасты. Себебін де өздері топшылап отыр.
Жиналған суды кешіп қиналған көпқабатты үй тұрғындары кеше түнде қалалық су тасқынына қарсы штабқа хабарласып, көмек сұраған. Жұмысшылар ауланы құрғатып беріп кеткен. Онымен су қайта келіп жатыр. Суды ауладан қанша сорса да жер әбден кеппей, мәселе шешілмейтінге ұқсайды. Айналада құрылыстар қарқын алып, бұл үй төменде қалып қойды. Енді сәл жаңбыр жауса да ылғал осы үйдің ауласына жиналатын болады. Ал салынып жатқан арықтардан пайда болмай тұр.
Количество показов: 576
Дата создания: 29.03.2022 18:51:28
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>