Белсенді әйелдер марапатталды
Бүгін облыс бойынша гендерлік саясатты насихаттау мақсатында өткізіліп келе жатқан Билбордтар байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Дәстүрлі шара барысында Ырғыз, Мұғалжар, Темір аудандарынан келіп түскен жобалар жоғары бағаланды. Отырыс барысында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар да талқыланды. Аталмыш бағдарлама аясында биылдың өзінде облыстың қыз-келіншектеріне 1,5 млрд. теңгеден астам субсидия беріліп, осының арқасында жүздеген нәзік жандылар жеке кәсіптерін дөңгелеткен. Сондай-ақ ауыл шаруашылық саласында да әйелдер қауымының атқарған істері аз болмай шықты. Бұл саланы дамытуда әсіресе Хромтау, Шалқар аудандарының нәзік жанды тұрғындары алда келеді. Бүгінгі басқосу барысында осындай елеулі еңбегімен көзге түскендер облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың қолынан арнайы алғыс хаттарға ие болды. Үстіміздегі жылдың қараша айында Астана қаласында әйелдердің үшінші Еуразиялық саммиті өткен болатын. Осы шара шеңберінде республикалық әйелдерді тану байқауы жарияланып, еңбегі еленгендерді "Ажар" кітабына енгізу басталды. Бүгін осы "Ажар" кітабына іліккен 10 ақтөбелік нәзік жандының аты аталып, кітаптар ұсынылды. |
Количество показов: 2222
Дата создания: 21.12.2012 19:34:22