Байғанин ауданының әкімі мемлекеттік қызметке сай келмейді деген шешім қабылданды
Қайрат Отаров бұрынғы қызметінде, яғни облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы кезінде шетелдік жұмыс күштерін тартуға заңсыз рұқсат берген. Онымен қоса басқарманың бөлім басшысы Роза Әленованың да әрекеті талқыға түсті. Қайрат Отаров жұмыс барысында жіберген кемшіліктерін жоққа шығармады. Дегенмен, тиісті органдардан хабарламалардың кеш келгенін, тіпті кейбірін көрмей қалғандарын айтып ақталды. Байғанин ауданының әкіміне комиссия мүшелерінің үшеуі ғана қолдау білдірді. Нәтижесінде Әдеп кеңесінің төрағасы Әділбек Мұқашев Қайрат Отаров мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге сәйкес келмейді деген шешім шығарды.
Количество показов: 943
Дата создания: 15.08.2019 19:44:00