"Бауырластар" ауылында жолаушы тасымалы қызметі оңбай тұр
Әйтпесе, жұмысқа, сабаққа кешігеді. "Бауырластар-1", "Бауырластар-2", "Бауырластар-3" ауылдарына №43-ші бағытты автобус қана қатынайды. Небәрі алтау. Араға 20 минуттан салып, жүреді. "Автопарк" ЖШС-і ескі сары автобустарды осы жаққа жіберген. Ал іші тар ескі автобустарға іргесі күнен күнге кеңіп жатқан 3 бірдей ауылдың адамдары сыймайды. Жол бойында қоғамдық көлік күткен оқушыларға жүргізушілері тіпті қайрылып та қарамайтын көрінеді. Ауылдарда аялдама жоқтықтан, қазіргідей суық күндері автобус күтіп дірдектеген балаларды жол жиегінде орналасқан үйлер кіргізіп жүр. Көліктің тұмсығы көрінген бойда үйден шығып, жүгірген балаларға автобус тоқтамай кетеді. Осының салдарынан балалар 2-3 күннен бері мектепке бармаған. Тұрғындар жергілікті әкімдіктен №43-ші бағыттағы автобустан бөлек, қосалқы маршрут қосуды сұрайды.4 мыңға жуық халық тұратын ауылдың көшелері асфальтталмаған. "Автопарк" ЖШС өкілі көшелер реттелмей, қосымша автобустар жібере алмаймыз деді.
Количество показов: 986
Дата создания: 30.11.2022 19:30:43