Бау-бақша ұжымдарындағы үйлерге жеке тұрғын үй мәртебесі берілуі мүмкін
100- ден астам бау-бақша ұжымдарында тұрғызылған он мыңнан аса үйге жеке тұрғын үй мәртебесі берілуі мүмкін. Ал саяжай тұрғындарының тұрмыстық мәселелері шаш етектен. Бүгін қала әкімінің орынбасары Айдос Хамиевтің төрағалығымен бау-бақша ұжымдары проблемаларын шешуге қатысты жұмыс тобының отырысы өтті. Бау -бақша ұжымдарының мәселесін шешу үшін жиналған жұмыс тобының отырысына қаладағы коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің өкілдері де қатысты. "ҚазТрансГазАймақ" АҚ өкілі қыс айларында саяжайларда газ қысымы төмендеп кететінін айтады. Тартылған құбырлардың да тозығы жеткен. Қала әкімінің орынбасары Айдос Хамиевтің сөзінше, қалада 100- ден астам саяжай ұжымы бар. Жұмыс тобының басты міндеті ең алдымен бұл жерлерде орын алып отырған барлық мәселелерді зерттеу. Бұған дейін 43 бау- бақша ұжымындағы 6 мыңнан астам үйге жеке тұрғын үй мәртебесі берілген. Болашақта 14 455 тұрғын жайға да жеке үй статусы берілуі мүмкін. Олай болған жағдайда саяжайларда халыққа қызмет көрсететін әлеуметтік нысандар салу да ойластырылатын болады. "Сапалы жол картасы" жобасы дайындалады, дейді Айдос Хамиев.Жұмыс тобы отырысында алдағы екі жылда "Келешек" ауданында мектеп құрылысы басталатыны айтылды. "Сапалы жол картасы" жобасы бекітілсе, бөлінген қаражатқа саяжай аумақтарындағы жолдар жөнделіп, ол жерлерде де қоғамдық көлік жүретін болады.
Количество показов: 798
Дата создания: 06.03.2023 11:51:41