Баспаналарын су алып кеткен "АЗФ-1" бау-бақша ұжымы тұрғындары биліктен материалдық шығынды өтеуді талап етуде
Қызыл су шайған үйлердің ішінде тұрмыстық техниканың бәрі жарамсыз. Ал баспанасыз қалғандар көпбалалы, жағдайы төмен отбасылар. Үйлердің дені несиеге салынған. Жер үйлерге 50-60 см деңгейінде су кірген. Енді жөндеу үшін қыруар қаржы керек, дейді тұрғындар. "Жіңішке" өзені маңындағы бау-бақша ұжымына инертті материалдар жеткізілді. Қала әкімі аппаратының төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Серік Дәулетовтің мәліметінше, 25 бірлік техника 4 күннен бері су сорғылау жұмыстарын үзбей жүргізіп жатыр. Астана әкімдігі мамандарының мәліметінше, эвакуацияланған тұрғындар әзірше № 26, 47- мектептерде тұрып жатыр. Бұл мектептердің оқушылары онлайн оқу форматына көшкен. Ал зардап шеккен отбасыларға көрсетілетін көмек түрін, сомасын комиссия шешеді. Әзір шығын есептеліп жатыр.
Количество показов: 622
Дата создания: 07.04.2022 18:15:19