Балықшылар "Эврика" газетінің жүлдесіне таласты
Биыл "Эврика" газетіне 20 жыл толады. Айтулы датаға орай өткен демалыс күндері газет жүлдесі үшін балық аулаудан жарыс ұйымдастырылды. Қалалық деңгейде өткізілген жарыс спортшы-балықшылардың үлкен қызығушылығын туғызды. Сайыста 50-ге жуық спортшы бақтарын сынады.
Қытымыр аязға қарамастан мұз үстінде балық аулау сайысына 50-ге жуық балықшы қатысты. Олар бір жарым сағаттың ішінде ең кемі 2 келі балық ұстауға тапсырма алды. Балықшылар сайысқа сақадай сай келіпті. Әрқайсысының қолдарында қармақ, ожау, жемi бар қорапшаларды байқауға болады. Қармақпен аулау үшiн белгiленген жарыстың үш сағаты қас- қағымда өте шықты. Облыстық балықшылар федерациясының төрағасы Виталий Кицактың айтуынша, бұл сайыс алда Белоруссияда өтетін әлем чемпионатына аттанатын балықшы спортшыларға арнайы дайындалуға таптырмас мүмкіндік болды. Бұл спорттық шараның қорытындысы бойынша жеңiмпаздарға "Эврика" газетінің бағалы сыйлықтары табысталып, балық аулауға қажетті заттар берілді. Алғашқы орын "Балықшылар лигасы" командасынан Алексей Тянға бұйырса, екінші орынды Максим Корнилов еншіледі. Үздік үштікті Виталий Кицак тұйықтады. Мықтылар арасынан "Ең бірінші ойық ойған балықшы", "Ең жылдам балықшы", "Ең үлкен балық аулаған балықшы", "Ең кіші балықты аулаған балықшылар" аталымдарының иегерлері де белгілі болды.
|
Количество показов: 1975
Дата создания: 10.02.2014 18:51:33