Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында бюджеттен 400 млн теңге бөлінді
Биыл балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында бюджеттен 400 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл ақшаға аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тегін демалуы тиіс. Бұл санатқа атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар да кіреді. Тегін жолдама тағы кімдерге беріледі? Облыстық білім басқармасының мамандары айтып берді.Биыл мектеп бітіруші түлектердің "Соңғы қоңырау" салтанатты кеші қарапайым түрде өтеді. Соңғы қоңырауға орай аниматор жалдауға тыйым салынады. Ал ата-аналардың педагогтарды құттықтауы белгілі бір алгоритмге сай жасалады. Мәселен, әлеуметтік желі арқылы немесе жазбаша түрде. Әр класс соңғы қоңырауға орай сынып сағатын өткізуі тиіс. Бұдан бөлек мұғалімге сыйлыққа ақша жинауға қатаң тыйым салынып отыр. Мұндай жағдай орын алса, дереу 41-44-58 сенім телефонына хабарласыңыз,дейді мамандар. Биылғы оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Ол сабақ кестесі бойынша барлық сабақтар өткізілген соң, оқу жылының соңғы сынып сағаты әрбір сынып бөлмесінде 45 минут ұзақтықпен өткізіледі. Жаз айларында мектептерде жөндеу жұмыстары басталады. Бірақ, бұл шараға мұғалімдер қатыспауы тиіс.Биыл облыс бойынша 243 мың бала оқу жылын аяқтайды. Олардың 8200- і 11-сынып бітірушілері. 1386 оқушы тоғызыншы сынып бітіріп жатыр. 519 оқушы "Алтын белгіден" үмітті.
Количество показов: 681
Дата создания: 19.05.2023 07:45:16