Балалар мінген көліктер тексеріліп жатыр
"Балалар-жолаушылар". Бүгін облыстық жол полициясы басқармасы қызметкерлері қала жолдарында осындай атпен рейд өткізіп, жол ережелерін жүргізушілер есіне тағы бір мәрте салды. Жол сақшылары жасөспірім және кішкентай жолаушысы бар көліктерді назарға алды. Балаларды көлікпен тасудың өзіндік ережесі бар. Ереже көп ретте сақталмайды. Мәселен, жүргізуші жанына баланы 12 жасқа дейін арнайы қауіпсіздік орындығынсыз отырғыза алмайды. Қауіпсіздік орындығынсыз бала тасыған жеңіл көлік жүргізушісіне 8 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Жыл басталғалы облыста балалардың қатысуымен 51 жол-көлік оқиғасы орын алды. 1 бала көз жұмып, 52-сі зардап шеккен. Ал қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған 6611 ақтөбелік әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл көлемі алты мың теңге шамасында. |
Количество показов: 4077
Дата создания: 27.07.2012 19:03:08