Балабақша мен мектептерде шырша тойы кең көлемде атап өтілмейді
Кезекті брифингте жаңа жылдық жұмыстастар отырысына қатысты сауал жолданғанмен нақты жауап берілмеді. Яғни мейрамханаларда корпоратив бола ма, жоқ па, оны ешкім білмейді. Ал мектептер мен бала-бақшада өз тобымен шағын мерекелік кештер өткізуге тыйым салынбайды. Бірақ көп қатысушы жиналатын салтанаттар өткізуге болмайды. Мұны мектеп директоры назарға алуы тиіс.
Облыста коронавирус жұқтыру деректері едәуір төмендеген. Өткен тәулікте бір ақтөбелік бұл вируспен сырқаттанған. Науқас ауруханаға жатқызылған. 11 айда 34 мың 903 өңір тұрғыны ковидпен ауырған. Бір қуантарлығы ақтөбеліктердің екпе алу қарқыны 63 %-ға орындалған. 334 мың тұрғын вакцина салдырған. Ревакцинациядан 2044 адам өткен.Вакцинаны үшінші мәрте салдыру барысында екпенің түрін өзгерту қажет болады. Мәселен екі мәрте "спутник V" ектірген тұлға "казвак", "коронавак", "хаятты" салдыра алады. Жүкті әйелдер мен жасөспірімдерге рұқсат етілген "Пфайзер" де жеткілікті. Келер жылдан бастап вакциналар ақылы болуы мүмкін. Тек Қазақстанда өндірілген "Казвак" пен "Спутник V" ғана тегін егіледі.
Количество показов: 825
Дата создания: 10.12.2021 18:24:56