Бағдарламашы жігіт фильм түсірді
Ақтөбеліктер жаңа фильмнің куәгері болмақ. Жас режиссер Марат Жылқыбаевтың туындысы "Бәрі де мүмкін" деп аталады. Қазіргі заманғы жастар, адами құндылықтар тақырыбын арқау еткен толықметражды фильм жақында үлкен экранға жол тартады. 23 жастағы Марат Жылқыбаевтың мамандығы бағдарламашы. Жастар мәселесі оны көптен мазалап жүрген болатын. Ақыры сәтін салып, оның ойлары фильм түрінде дүниеге келді. Фильмде ойнайтын әртістер де Мараттың өзі секілді түрлі салада еңбектеніп жүрген әуесқой жастар. Оларды режиссер кастинг арқылы таңдап алыпты. Шығармашылық ұжым еңбектерінің жерлестер көңілінен шығарына сенімді. Айта кету керек фильм режиссердің өз қаражатына түсіріліпті. Ұзақтығы 1,5 сағат. Жастар тақырыбы бүгінгі таңдағы өзекті мәселе екендігі аян. Елбасымыз да өз жолдауында жастарға ерекше көңіл бөлінуі қажет екендігін айтқан болатын. Бүгін облыстық әділет департаментінде аталмыш фильмнің шығармашылық ұжымы туындыны және елбасымыздың жолдауын талқыға салды. Туындысы халықтан оң баға алып жатса жас режиссер болашақта басқа да тақырыптарды киноға арқау етпек. |
Количество показов: 2135
Дата создания: 03.02.2014 18:16:26