Бағаны тұрақтандыру қорына арналған қаражат қолды болған
Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ақпан мен сәуір айларында "Ақтөбе" Әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясына" толық тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде мекеме тарапынан жемқорлыққа жол беріліп, миллиондаған қазына қаражаты талан-таражға түскені белгілі болды. Жұмысына салғырттық танатқан корпорацияның 16 қызметкері үстінен әкімшілік , қылмыстық іс қозғалып, тергеу әлі жалғасуда. Қоғамдық кеңес отырысында "Халық сауда" әлеуметтік дүкен желілерінің жабылу мәселесі де сөз болды. Қоғамдық кеңес мүшелері тексеру жүргізген кезде облыс орталығында арзан бағамен азық-түлік сататын сауда орындарының саны онға жетпейтін болып шыққан. Бірақ "Ақтөбе" Әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясының" өкілі кеңес мүшелерінің пікірімен келіспейтінін жеткізді. Облыстық жемқорлыққа қарсы күрес департаменті тарапынан жүргізілген тексеру нәтижесінде корпорация филиалы миллиондаған қаражатты мақсатсыз жұмсағандығы анықталды. Коммуналдық шығындар әлденеше есе асып кеткен, қызметкерлерге де негізсіз сияқылар тағайындалған. Ең бастысы бағаны тұрақтандыру қорының ақшасы қолды болған.
Количество показов: 660
Дата создания: 19.09.2022 19:39:23