Бүйректегі тасты енді отасыз алып тастауға болады
Ота жасатпай-ақ аурудан айығуға болады. Бүйрек және несеп жолында кінәраты барларға енді пышаққа түсудің қажеті шамалы дейді дәрігерлер. Ем-дом жасау үшін эндоскопиялық қондырғының көмегіне жүгінуге болады. Ауруы жанына батқандар үшін бұл жағымды жаңалық болғалы тұр. Пышаққа түспей-ақ, емнен соң бір жарым сағаттың ішінде науқастың беті бері қарайды деп сендіреді дәрігерлер. Қондырғыға да шаң жуытпады. Швейцариялық медициналық аппараттың мүмкіндігі үлкен. Ультрадыбыстық тексеру арқылы бүйректегі тасты анықтап алады. Сонан соң, арнайы гидравликалық қысым толтырылған көпшік арқылы тастарды ұнтайды. Эндоскопиялық жолмен емдеуден бөлек, лазерлік қондырғы да - бүйрек және несеп жолын айықтырудың жаңа тәсілі болып отыр. Аурухананың бас дәрігері Самат Данияровтың айтуынша, қодырғының құны да - қомақты. 500 мың АҚШ доллары тұрады. Неміс қондырғысының көмегіне жыл басынан бері 15 адам жүгінген. Қызмет-ақысыз. Науқас портал арқылы кезекке тұруы тиіс. Әзірге эндоскопиялық қондырғы облыста- біреу-ақ. |
Количество показов: 3457
Дата создания: 20.03.2014 18:04:26