Бұрынғы подполковниктің әкесі ұлы үшін әділдік іздейді
"Ұлымды қызметтен заңсыз босатты!" Бір бума құжаттарын арқалап, редакциямызға келген 73 жастағы қария осылай дейді. Ол ұлының ақталып, жұмысына оралуын талап етуде. Облыстық полиция департаментінің бұрынғы қызметкері қазір бос. Әділетсіздікке тап болдық деген әке президентке дейін баруға дайын. Жанар Датқызы әңгімелейді. Қарға баласын "аппағым" дейді. 73 жастағы қарияның айтуынша, ұлы ішкі істер органында 18 жыл қызмет еткен. Полковник болуды армандаған Бахтияр Айметовтың екі жоғары білімі бар. Аспирант. Соңғы шені подполковник. Тәртіп сақшысы қазір елге қарай алмайтын күйде. Баласы үшін шырылдап, әкесі жүр. Подполковник 2022 жылдың қаңтар айында үйіне жеке көлігімен қайтып бара жатқанда ұсталған. Жеңіл дәрежеде мас күйде жол- көлік ережесін бұзды деген айыппен сотталған. Соттың шешімімен қызметінен қуылып, 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған. Қария бұл шешіммен келіспей отыр. Ұлымның қанынан сараптама алынған жоқ, дейді ол.Қарияның ақиқатқа қол жеткізе алмай жүргеніне 1,5 жыл болыпты. Ұлының бұрынғы қызметіне қайта оралуын талап етеді. Ұлым ақталып, абыроймен зейнетке шықса екен, деп тілейді.Количество показов: 658
Дата создания: 12.05.2023 07:44:28