Бұрынғы облыс әкіміне 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Ақтөбе облысының экс әкіміне қатысты сот үкімі шықты. Ермек Имантаевты сот кінәлі деп танып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Ермек Имантаевқа ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша, яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде ұрлады деген айып тағылған болатын. Ол "Ақтөбе" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасы бола тұра, «Садовое» тұрғын үй алабында орналасқан көлемі 24 гектар жер учаскесін, бағасын 10 есе түсіріп заңсыз түрде сатқан.Сотталушы жердің нарықтық құнын қасақана 20 млн теңгеге дейін төмендетіп, жер учаскесі туралы жалған ақпарат ұсынып, төлемнің жасалмағанына қарамастан, жалған сатып алушымен заңсыз сатып алу-сату келісімшартын жасаған. Сотталушы осылай мемлекетке 199,4 млн теңге көлемінде залал келтірді. Алайда, Ермек Имантаев өзіне тағылған айыппен келіскен жоқ.Количество показов: 430
Дата создания: 11.10.2023 00:50:01