Бұрынғы облыс әкімінің ісіне қатысты сот отырысы өтті.
Тергеу қапасындағы Ермек Имантаев бүгінгі сот отырысына онлайн тәртіпте қатысты. Айыпталушының жаңа адвокаты Сұлушаш Қаренова да тергеу барысындағы кемшіліктерді тізбектеп шықты. Ол прокуратура тарапынан келтірілген деректер мен айғақтар шындыққа жанаса бермейді, деп отыр.. Айыпталушының қорғаушысы тергеу барысындағы кейбір деректер толыққанды тексерілмеген деп отыр. Көптеген деректер тіпті ойдан құрастырылған сияқты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары дұрыс жүргізілмегендіктен көптеген кедергілерге тап болдық дейді Сұлушаш Қаренова. Ал Ермек Имантаевтың жұбайы Лейла Имантаева да талан- таражға түскен жер дауына қатысты мәселелер шешімін таба бастағынын жеткізді. Сот отырысында сөз алған облыстық Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілі де қолдан қолға өтіп, сатылып кеткен корпарацияға қарасты 23 гектер жерді қайтару жұмыстары қолға алына бастағанын айтты. Ол жерді сатып алушыдан жердің құнын құрайтын ақша талап етеміз, қаражатты тауып бере алмаса, корпорацияға қарасты жерді қайтарып аламыз деп отыр. Естеріңізге сала кетсек, Ермек Имантаев осыдан бірнеше апта бұрын тергеу қапасында отырып аштық жариялаған еді. Ол жер дауына қатысты істе маған жала жабылып, тергеу амалдары кезінде заң талаптары бұзылды, деп мәлімдеген болатын.
Количество показов: 363
Дата создания: 09.10.2023 23:45:41