Ақтөбеде тағы да жасөспірімдер төбелесті. 18 жастағы жасөспірім пышақ жарақатымен облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Жасөспірімнің жағдайы ауыр. Оқиға кеше түстен кейін болған. Өзара кикілжің кезінде 17 жасар бозбала Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледждің студентіне пышақ сұғып алған. Анықталған ақпарат бойынша, Мәншүк Мәметова атындағы гуминитарлық колледждің студентін кеше түстен кейін сабаққа келе жатқан сәтінде пышақтаған болуы керек. Жәбірленуші аталған колледжде математика мамандығында 3 курста оқиды. Колледж директорының орынбасары Гүлбаршын Жиенқұлованың айтуынша, ер бала Байғанин ауданынан. Сабақ үлгерімі орташа. Қатарластарымен төбелескен не келіспей қалған сәті болмапты. Облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген бозбаланың жағдайы қазір ауыр. Үш жерден пышақ жарақатын алған. Аяғы, қолы, іші зақымданған. Жасөспірім қаланың "Болашақ" ауданында туысқан ағасының үйінде тұрады. Жәбірленушіге пышақ сұққан бозбала ұсталды. Оның үстінен іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Жыл басталасымен жасөспірімдер арасында мұндай жағдайлар жиілеп кетті. Бұл үшінші оқиға. Екі күн бұрын Шалқар қаласындағы оқушылар арасындағы кикілжіңнен бір бозбала көз жұмды. Ал, қалалық сүт зауыты ауданында колледж оқушылары арасындағы төбелес кезінде бір мектеп оқушысы суық қарудан ауыр дене жарақатын алды. Жасөспірімдердің неге қатыгез болып бара жатыр? Кім кінәлі? Не себеп? Сұрақ көп.
Оқиғаға байланысты қаладағы барлық орта, арнаулы, жоғары оқу орындарында бақылау күшейтілді. Кешкілік жасөспірімдер жалғыз жүрмеуі керек. Студенттік жатақханаларда жастардың жиі басқосу ұйымдастыруына да тыйым салынып жатыр.
Количество показов: 1377
Дата создания: 30.01.2019 19:14:42
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>