Бір бала терезеден құлап кетті
Оқу аяқталған соң балалар далада еркін ойнайды. Тіпті үй көрмей, күні бойы сыртта жүретіндер бар. Жазда балалар қолын ауыртып алу, сындыру, кесіп кету, күйіп қалуы секілді жарақаттармен ауруханаға жиі түседі. Терезеден құлап, мертігетін жағдайлар да жиі болады. Күн жылынғалы бір бала көп қабатты үйдің терезесінен құлаған. Баланың періштесі қаққан болар, қатты жарақат алмаған. Жалпы осындай оқиғалар былтыр өте көп тіркелген. Аяқ-қолы шығып, сынатындар өз алдына, омыртқасы сынып, ауыр жарақат алғандары бар. Оның үстіне балалар арасында жол-көлік апатынан зардап шегу оқиғалары да жиілеген. Жазда балалар велосипед, ролик, гироскутер тебеді. Байқаусызда құлап, түрлі дене жарақатын алады. Сондықтан ата-аналар балаларына ескертіп, бақылап жүргені жөн дейді дәрігерлер. Өткен 4 айда қалалық балалар ауруханасына пышақ жарақатымен төрт жасөспірім түскен. Сірке суы, түрлі химиялық тазалау сұйықтықтарын ішіп өңешін күйдіру деректері де тіркелген. Жалпы 6 жарым мыңға жуық балаға ақ халатты абзал жандардың көмегі тиген.
Количество показов: 1414
Дата создания: 20.05.2019 18:42:35