Білімнің іргетасы бастауышта қаланады
Ата-аналардың сендіруінше, 2019-2020-оқу жылы басталғалы әсіресе, екінші сыныпта класс жетекшісі 3-ші рет ауысып жатыр. Ал ұстаз алмасқан сайын балалардан да, ата-аналардан да маза қашады. Оқушылар біріне үйренісіп болмай, кезекті ұстазды қабылдауға мәжбүр. Әр мұғалімнің оқыту тәсілі әртүрлі. Мектеп басшылығы болса, заң жүзінде әрекет етіп жатқандарын алға тартады. №12- орта мектепте ұстаздар жетіспейді. Бастауыш сынып мұғалімдері және жоғары сыныптарға физика, ағылшын тілі пәнін оқытушылар тапшы. Ата-аналардың бар тілегі мектепте балалардың алаңсыз сапалы білім алуы. Қай мектеп те оны қамтамасыз етуге міндетті.
Количество показов: 961
Дата создания: 06.02.2020 19:04:50