Білім саласындағы тағы бір реформа таныстырылды
Білім саласында тағы да реформа. Келесі оқу жылынан бастап, бастауыш сынып оқушылары жаңа стандарт бойынша білім алатын болады. Білім және ғылым министрлігінің мамандары қазір аймақтарды аралап, жаңашылдықты түсіндіріп жүр. Бүгін олар Ақтөбедегі журналистермен кездесіп, жобаны таныстырды. Әзірге жоба түріндегі жаңашылдық мектептерде келесі оқу жылында енгізіледі. Балалар бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі, ғылымға кіріспе, әлемтану және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәндерін оқиды. Бұдан басқа, қазіргі білім бағдарламасында бар ән, сурет және еңбек пәндері біріктіріліп, ортақ өнер сабағы өткізіледі. Қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндерін оқыту әдістемесі өзгереді. Жобаны жасаушылар жаңа стандартқа сай оқушыны бағалаудың жүйесін де әзірлеп қойған. Мұғалім балаға тапсырма берген кезде бағалау парағын қоса ұстатады. Онда тапсырманың орындалуына қарай: баланың жазуына, қатесіне, оқуына, басқа да бірнеше критерий бойынша бөлек-бөлек баға қойылады. Бұл - оқушының білімін бағалаудың ашықтығы, дейді Астанадағы педагогикалық шеберлік орталығының бөлім басшысы Жанар Нұрғожина. Стандарт жаңарса, сәйкесінше, бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар да қайта басылып шығарылады. Астаналық меймандар бұл жобаны ата-аналармен талқылып, олардың пікірлерін тыңдамақ. |
Количество показов: 2589
Дата создания: 19.03.2014 18:02:27