Білігі дәлелденген ауыл әкімдері нотариус бола алады
Облыстық әділет департаментінде селолық округ әкімдері аттестаттаудан өтіп жатыр. Сыннан сүрінбеген шалғай ауыл әкімдеріне кей нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыру құқығы беріледі. Аттестациядан өтуге ауылдық округтерден барлығы 59 лауазымды тұлға шақыртылған. Нотариаттық қызметтер көрсету үшін әкімдер екі жылда бір мәрте өз біліктілігін дәлелдеуі тиіс. Селолық оруг әкімдері аумақтық аттестаттау комиссиясы алдында емтихан тапсырып жатыр. Комиссия құрамында облыстық әділет депертаментінің бөлім басшылары, мамандар, облыс әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің өкілі бар. Сынақ сұрақтары құқықтық заңнамаларға қатысты. Аттестациядан барлығы 59 адам өтіп жатыр. Оның 37-сі жаңадан сайланған әкімдер. 22-сі кезекті рет біліктілігін қуаттауда. Аттестациялау екі жылда бір мәрте өтеді. Сынақтан өткендеріне өсиеттерді, сенімхаттарды, құжаттар көшірмелері және олардан алынған үзінділердің дұрыстығын, өтініштерге қойылған қолдың дұрыстығын куәландыру құқығы беріледі. |
Количество показов: 2291
Дата создания: 21.11.2013 19:31:22