Әбілқайыр хан даңығылындағы үйдің қабырғасы сөгілді
Әбілқайыр хан даңғылындағы №83 - үйдің тұрғындары үрейлі. Тұрғын үйдің төбе тұсына таяу қабырғаның кірпіші үгітіліп түсті аяқ астынан. Бір қауіптің боларын баспана иелері бұрын да сезген болатын. Алайда ешбір құзырлы мекеме істің байыбына барып, жағдайдың алдын-алуға тырыспаған. Бұл үйдің тұрғызылғанына отыз төрт жыл. Байырғы тұрғындардың айтуынша, баспананың жағдайы мүшкіл. Жертөледегі ылғалдың кесірінен қабырғасы әр жерден жарылған. Тұрғындардың алаңдайтын жөні бар. Үнемі суланып тұрғандықтан электр қалқандарында жарық сымдарының қысқа тұйықталуы жиі болып тұрады. Тілсіз жаудың туындамасына кім кепіл? Өздері әрекет етіп, шатырды жаңалауға тұрғындардың ауызбіршілігі жетпеген. Бастамаға небары 45 адам қол қойып, қалғандары немқұрайлы қараған. "Строитель-2" пәтер иелері кооперативі төрайымының міндетін атқарушы Алтынгүл Қазмағамбетованың айтуынша, арнайы комиссия назарына іліксе, бес қабатты тұрғын үйдің жағдайы түзелер еді. Төтенше оқиғадан соң, жергілікті билік кірпіші біртіндеп домалап жатқан үйдің жағдайына бет бұрып, мәселені шешіп берер деген үмітте тұрғындар. Қалалық әкімдікте көмек сұрап жазған өтініштері бұрыннан жатыр. Апатты аумақ қазір қоршалған. Тұрғындардың табалдырықтан аттауы мұң болды. |
Количество показов: 2132
Дата создания: 05.03.2013 18:51:54