Бөкенбай батыр көшесіндегі №131 «А» үй жылудан тарығып отыр
Қыстың көзі қырауда, «Болашақ» ауданында бүтін бір үй бүрсеңдеуге мәжбүр. Бөкенбай батыр көшесіндегі №131 «А» үй осыдан бес жыл бұрын түрлі әлеуметтік санаттар тобына жататын тұрғындарға берілген. Бөкенбай батыр көшесінің тұрғыны Айсәуле Ақзонованың пәтерінде электр жылытқыш құралы күні-түні қосулы. Ас бөлмесін газдың күшімен жылытып отыр. Ал, жатын бөлмеге жан баласы кірмейді. Өйткені, онда түнеу мүмкін емес. Өте суық. Бір қабат төмен тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Айнағұл Құлжанов та мемлекет берген коммуналдық үйдің суық пәтерінде күн кешіп жатыр. Бір ғана кіреберісі бар, 54 пәтерлі бұл үй коммуналдық баспана. Салынғанына 5 жыл болған. Мұнда негізінен түрлі әлеуметтік санаттар тобына жататын тұрғындар: Ұлы Отан соғысы, ауған соғысы ардагерлері, мүгедектер мекендейді. Тұрғындардың айтуынша, жылудың берілуі бұл үйде үш жыл бұрын бәсеңдей бастаған. Жыл өткен сайын құбырлар мүлдем жылымайтын болды. Бұл үйге жауапты «Табыс-Ақтөбе» ЖШС №1 учаске шебері Қуандық Қажымұқанов тұрғынның сөзін растады. Айтуынша, жылу-энерго орталығынан 110 градус Цельсиймен таралатын жылу осы үйге жеткенше суып қалады екен. Жерасты магистральді құбырлардың құрылысындағы ақаудан "Болашақ" ауданындағы бүкіл үй зардап шегіп отыр, дейді учаске шебері. |
Количество показов: 1981
Дата создания: 10.01.2014 18:55:07