Бүгін түнгі он екіде шоқыну рәсімі басталады. Алдын ала ойылып, әзірленген шомылу орындарында жылыту пункттері жұмыс жасайды. Суға сүңгіп шыққандарға ыстық шәй таратылады. Оны кәсіпкерлер ұйымдастырып жатыр. Құтқарушылар мен сүңгуірлер қауіпсіздікті күзетуге дайын. Бұл К. Нокин даңғылындағы №32 - ші суда құтқару бекетіне жақын маң. Елек өзені бетін жапқан мұздың қалыңдығы 40-тан 80 см-ге дейін. Тоң ойылған. Суға адамдар еш қиындықсыз түсіп шығу үшін ойыққа саты орналастырылды. Осы жерде жылыту пункті болады. Судан шыққандарға ыстық шәй беріледі. Ал құтқарушылар кешкі тоғызда рейдке шығады.
Бүгін түнде қалада ауа температурасы - 15 -19 градус болады. Ішімдік ішкен адамдар ойықтарға жіберілмейді. Шомылатын адамдар өздерімен бірге резеңке аяқ киім, ауыстыратын құрғақ, қалың киім алып шығу қажет. Су ішінде 1 минуттан артық қалуға болмайды. Сондай-ақ, белгіленбеген жерлерде суға түскендер әкімшілік жазаға тартылады.
Количество показов: 624
Дата создания: 18.01.2023 15:04:28
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>