Бүгін-құтқарушылардың кәсіби мерекесі.
Қаладағы №3 - ші өрт сөндіру бекеті үздіксіз жұмыс жасайды. Мекемеге қоңырау келіп түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына ілезде жетіп, қызыл жалынды сөндіріп, ғимараттар ішінде қалған адамдарды құтқарумен айналысады. Автосатының көмегімен жоғарғы қабаттағы үйлерде тұратын тұрғындарды сыртқа шығарып, эвакуациялайды. Төрежан Бақтығалиев № 3 - ші өрт сөндіру бекетінде қызмет атқарады. 4 жылдан бері қала аумағында орын алған төтенше жағдайдың алдын алып, адамдарды тілсіз жаудан аман алып қалуға атсалысып жүр. Айтуынша, өзіне бұл жұмыс ұнайды.Бүгін 19 қазан - құтқарушылар күні. Президентіміз Қасым - Жомарт Тоқаев бұл күнді ұмыт қалдырмады. Азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, бақ пен береке тіледі.Количество показов: 429
Дата создания: 20.10.2023 02:15:05