Бүгін құтқарушылар күні. Еліміздегі азаматтық қорғаныс саласына биыл 26 жыл толды. От пен судың ортасында жүріп, жанқиярлықпен халық үшін қызмет атқарып жүрген кәсіби мамандар мыңдап саналады. Азаматтық қорғаныс қызметі де көп салалы. Бүгін біздің тілшілеріміз де өрт сөндірушілермен кездесіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап қайтты.Мен мамандық таңдаған жоқпын, мамандық мені таңдады. Өрт сөндіруші болу кез келген адамның қолынан келмейді, дейді Әнуар Құрмашев. Алты жылдан бері облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс істеген Әнуар қазір аға өрт сөндіруші. Тілсіз жаумен алысып, адам өмірін құтқарып, бір мезетте шешім қабылдау -өрт сөндірушіге қойылатын басты талап дейді, ол. Қазіргі кезде құрылысқа пластикалық материалдар көп пайдаланылатындықтан, от бірден лап ете қалады, дейді аға өрт сөндіруші. Қызыл жалынмен арпалысқа түскенде мамандар көптеген қиындықтарға тап болады. Ал, жасанды құрылыс материалдарының түтініне адам тез тұншығатын көрінеді. Сондықтан Әнуар Құрмашев мұндайда ең алдымен адамдарды құтқаруға кірісеміз, дейді.
Бүгінгі күні өңірдегі құтқарушылар қызметінде жас мамандар өте көп. Кәсіби мерекелеріне орай олардың дені ақшалай сыйақы алған. Ал аға құтқарушы Әнуар Құрмашев ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін" төсбелгісімен марапатталды.
Количество показов: 1088
Дата создания: 19.10.2021 18:12:17
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>