Бүгін әлеуметтік қызметкерлер күні.
Фариза Нұрғалиева он жылдан бері қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеп келеді. Мамандығы психолог-педагог. Фариза мүміндігі шектеулі балалардың үйлеріне барып оларға сабақ береді. Мұғалім мұндай жұмысқа психолог маман болудың пайдасы тигенін айтады. Себебі маман мұндай балалардың айтары көп, олар көңілдегісін бөлісетін жақын жан іздейді, сондықтан ең алыдмен мен үшін баланың тілін таба білу міндет дейді психолог ұстаз. Әлеуметтік қызметкерлер күні елімізде 2011 жылдан бері атап өтіліп келеді.Атаулы күн арнайы қазан айының соңғы жексенбісі болып бекітілді. Бүгін кәсіби мереке қарсаңында осы салаға еңбегі сіңген бір топ қызметкер марапатталды. Қазіргі кезде әлеуметтік қызметкерлер бес санат бойынша тіркелген азаматарға жәрдемдеседі. Олардың қатарында неврологиялық ауытқуы бар , тірек қимыл аппараты бұзыған балалар, жалғызбасты қаттар да бар. Қаладағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты 3 мекемеде 267 адам жұмыс істейді. Бүгінгі мерекеде сөз алған әлеуметтік қызметкерлер де кез келген адам бұл жұмысты меңгеріп кете алмайды. Ең алдымен әлеуметтік қызметкер жүрегі кең, мейірімді жан болуы керек,- дейді . Бүгінде қаланың өзінде 681 қария, 77 мүгедектігі бар ересек адам, 203 мүмкіндігі шектеулі бала осы мамандардың қызметіне жүгінеді.Количество показов: 519
Дата создания: 26.10.2023 19:45:18