Бүгін халықаралық үкіметтік емес ұйымдар күні
Бүгін халықаралық үкіметтік емес ұйымдар күні. 1950 жылы БҰҰ қарарында алғаш рет осындай ұғым пайда болған. Ал, облыста соңғы үш жылдың ішінде 200- ден астам әртүрлі бағытта жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым тіркелген екен. 90-шы жылдардың соңы мен жаңа мыңжылдықтың басында облыс аумағында бірнеше бағытта жұмыс істейтін алғашқы Үкіметтік емес ұйымдар өз жұмысын бастап кетті. Бес жылдан бері азаматтық қоғам туралы түсінік те қалыптасып үлгерді. Жергілікті атқарушы билік тарапынан қолдау ретінде үкіметтік емес ұйымдар бюджет есебінен қаржыландырыла бастаған. Бүгінде облыс аумағында 700- ден астам үкіметтік емес ұйым қатарындағы әртүрлі бірлестіктер тіркелсе, олардың 200- ден астамының құрылғанына 3 жыл ғана болған. "Облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің" төрайымы Айгүл Дүйсенова соңғы жылдары құрылған ұйымдардың дені әлеуметтік салада жұмыс істеп жатқанын айтады. Облыс аумағында экологиялық мәселелерді шешуге атсалысып жүрген жаңа ұйымдар да көбейе бастаған. Бұл ұйымдар "Үшінші сектор" деп те аталып кетті. Мемлекеттік емес ұйым мүшелері қоғамда азаматтардың белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Көмекке зәру мүмкіндігі шектеулі жандар да осындай топтардан қолдау тауып келеді. Мемлекеттік тапсырыс арқылы жұмыс істеуге бейімделе бастаған ұйымдардың жұмысына облыс басшысы да жоғары баға беріп отыр, дейді "Облыстық Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Айгүл Дүйсенова.Количество показов: 844
Дата создания: 27.02.2023 11:54:19