Бүгін - халықаралық еріктілер күні
Облыстың еріктілері-әмбебап. "Қызыл Ай" қоғамының мүшелері қазір төтенше жағдайларда әрекет ету дайындықтарынан өтіп, халықаралық гуманитарлық құқық бойынша білімдерін жетілдіріп жүр. Облыс бойынша 6 адам республикалық команданың құрамына қабылданған. "Қызыл ай" қоғамының облыс тұрғындары үшін жасаған жақсылығы көп, дейді қоғамның төрағасы Нұрлан Үдербай. Гуманитарлық көмектен бөлек, әлеуметтік акциялар жиі ұйымдастырылады. Облыс бойынша 140 ерікті болса, оның дені- мектеп оқушылары мен студенттер. Волонтерлікке 13 жастан бастап қабылданады. Бұлар бала ғой деп қарау дұрыс емес. Олардың көмегі- зор дейді облыстық қоғам төрағасы. Әсіресе, түрлі жұқпалы дерттерден қорғану туралы халықты құлақтандыруда балалар көп еңбек сіңіріп жүр. Жұмыла көтерген жүк- жеңіл. Қазір облыстық "Қызыл ай" қоғамы қаладағы өзге қайырымдылық ұйымдарымен қоян-қолтық жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында болашақ дәрігерлерден құрылған "Мейірім" еріктілер клубы да бар. 1992 жылдан бері дамыған елдер Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. Ақшаға айналдырғанда, 1 млн 200 мың АҚШ долларына жетеді екен. Қол ұшын созуға ниет білдіргендер Швеция, Финлянция, Германия мемлекеттері. Соңғы уақытта Біріккен Араб Әмірліктері атымтай жомарттық танытуда. |
Количество показов: 2540
Дата создания: 05.12.2013 19:07:26