Бүгін дүниежүзілік радио күні
Бүгін дүниежүзілік радио күні. Біздің қаламызда 101.4; 103.1 және 104.7 жиіліктерінде 3 радио жұмыс жасайды. Солардың бірі 101.4 жиілігінде шығатын "Ақтөбе радиосы". Қала тұрғындарына 1999-шы жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Радио биыл 8-ші желтоқсанда 15 жылдығын атап өтуге дайындалып жатыр. Қазір "Ақтөбе радиосынан" осы датаға орай бірнеше жаңа бағдарламалар шығып жатыр. Қазақ және орыс тілді тыңдарман жас ерекшелігі мен талғамына сай "101.4" жиілігінен өзіне қажетті бағдарламаны таба алады. "Ақтөбе радиосының" ұжымы ақтөбелік тыңдарман көңілінен шығу үшін мүмкіндігінше студияға елге үлгі боларлық іс-әрекетімен, шығармашылығымен, дарынымен, кәсібімен танымал қонақтарды шақыруға тырысады. Өздеріңіз де таныған шығарсыз. Бүгін радиода "Жау жүрек мың бала" фильмінің басты кейіпкерлері қонақта. Өзіміздің жерлесіміз Асылхан Өтепов пен оның досы Аян Өтепбергенов "Жау жүрек мың бала" фильмінен кейін көптің көзіне түскен әртіс жігіттер. Соңғы уақытта ән де шырқап жүр. Ал Төреғали Төреәлі әнші, оған қоса өзін айтыста да байқап жүрген өнерлі жігіт. Алматыдан жеткен олар Ақтөбеде "Қазақ жастары" концертін бермек. Дүниежүзілік радио күні соңғы екі жылда ғана атап өтіле бастаған ең жас мерекелердің бірі. 1946-шы жылы 13-ші ақпанда БҰҰ-ның радиосы алғаш эфирден шыққан екен. Бұл мереке радиоға қатысы бар ірі кәсіби компаниялар мен жалғыз ілік кәсіпқой радиосүйер адамдардың арасында тығыз әріптестік байланыс орнату үшін арнайы белгіленген. ЮНЕСКО барлық мемлекеттерді дүниежүзілік радио күніне үлес қосуға шақырады. Бұл күні әлем бойынша құттықтау радиограммалар таратылады. |
Количество показов: 2801
Дата создания: 13.02.2014 18:40:07