Бүгін дүниежүзілік балалар күні
Облыстық кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері бүгін дүниежүзілік балалар күнін тойлады. Күні бойы жеткіншектер қаланың көрікті жерлерін аралап, көбелектер көрмесін тамашалады. Ал, "Қысқы бақ" мейрамханасында балалар үшін мерекелік дастархан жайылды. Облыстық кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығындағы жеткіншектер үшін бүгінгі мерекенің маңызы зор. Мейрамның арқасында балалар қаланы бір аралап, көрмеген қызықтардың куәсі болды. Ата-анаға керек болмаса да, қоғамға қажет екендіктерін сезінді. Қайырымдылық шарасын облыстық депутаттардың қолдауымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері ұйымдастырған. Ерікті жастар қараусыз қалған жеткіншектер арасында түрлі байқаулар өткізіп, концерт қойды. Түскі астан соң, жеткіншектер "Локомотив" кинотеатрында мультфильмді тегін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында қазір 16 бала тәрбиеленуде. Дүйсенбіден бері онда ризашылық аптасы өтіп жатыр. |
Количество показов: 2227
Дата создания: 20.11.2013 19:06:13