Бүгін бүтін республика бойынша халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу шаралары өтті
Ғазиз Байтасов Таразда болған террорлық шабуыл кезінде ерлікпен қаза тапты. Бір сағат ішінде қару-жарақ асынған радикал Мақсат Кәрімов қала көшелерінде жүріп, жолыққан әрбір полицейге оқ атқан. Осы уақытта оқиға орнына Жамбыл облысы ІІД Жол полициясы жеке батальонының 1-ші взводының командирі Ғазиз Байтасов жеткен. Көліктен жүгіріп шыққан ол қаскөйге қарсы оқ ата бастады. Осы уақытта қарсылас кейін шегініп, Ғазиздің кеудесіне оқ атқан. Қауіптің жақындағанын түсінген полицей, радикалда граната барын біліп, ауыр жарақатына қарамастан оны жерге құлатады. Қылмыскерді қолымен қысып ұстап, жарылған гранатаны денесімен қалқалаған. Бүгінде ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында "Халық қаһарманы" атағын алған жалғыз адам.
Жалпы елімізде соңғы 30 жылда қызмет бабымен жүріп құқық қорғау органдарының 800-ге жуық қызметкері көз жұмған.
Количество показов: 582
Дата создания: 12.11.2021 18:34:09